Қазақстан Республикасы Парламент маслихатының депутаттар сайлауы

2007 жылғы 18 тамызда өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлаудың қорытындылары туралы АҚПАРАТ

2007 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын кезекті сайлау өтті.

Сайлау округтері бойынша 9128 кандидат ұсынылды, оның ішінде: облыстық - 1684; қалалық – 1898; аудандық – 5546;

8740 кандидат тіркелді, оның ішінде: облыстық – 1609; қалалық – 1789; аудандық – 5342.

Сайлауға 8008 кандидат қатысты.

Тіркеуден кейін 732 кандидат алынып тасталды: 105 – сайлау комиссияларының шешімімен, 622 - өзін-өзі алып тастау арқылы; 5 – қайтыс болды.

Республика бойынша орташа бәсекелестік 1 мандатқа 2,4 кандидатты құрады.

Ең жоғары бәсекелестік - Алматы және Астана қалаларында (тиісінше бір мандатқа 3,4 және 3,2 кандидаттан), ең төменгі бәсекелестік - Атырау, Қарағанды, Қостанай облыстарында (тиісінше бір мандатқа 2,0, 2,1, 2,1 кандидаттан) болды.

Сайлау 3334 сайлау округінде, оның ішінде 550 облыстық, Астана және Алматы қалалық, 625 қалалық, 2159 аудандық сайлау округтерінде өткізілді.

Тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуына және баламалылықтың жоқтығына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 4 сайлау округінде мерзімдер ұзартылып, сайлау 2007 жылғы 16 қыркүйекке тағайындалды.

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі № 3 сайлау округі бойынша сайлаудың жарамсыз деп танылуына байланысты 2007 жылғы 14 қазанға қайта сайлау тағайындалды.

18 тамызда болған дауыс беру қорытындылары бойынша 3333 адам мәслихаттардың депутаттары болып тағайындалды. Олардың ішінде: 2764 ер адам (82,9%) және 569 әйел адам (17,1%), оның ішінде:

облыстық мәслихаттарға - 490 ер адам (89,1%), 60 әйел адам (10,9%);

қалалық мәслихаттарға - 489 ер адам (78,4%), 135 әйел адам (21,6%);

аудандық мәслихаттарға - 1785 ер адам (82,7%), 374 әйел адам (17,3%).

Облыстық мәслихаттарға сайланған - 532 депутат жоғары білімді, 17 – орта арнаулы, 1 – орта білімді;

қалалық мәслихаттарға сайланған - 582 депутат жоғары білімді, 32 – орта арнаулы, 10 – орта білімді;

аудандық мәслихаттарға сайланған – 1856 депутат жоғары білімді, 241 – орта арнаулы, 62 – орта білімді.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттарға депутат болып «Нұр Отан» партиясынан - 484 депутат, «Ауыл» ҚСДП - 5, қоғамдық бірлестіктерден – 7, өзін-өзі ұсынушы – 54 адам сайланды;

Қалалық мәслихаттарға депутат болып «Нұр Отан» ХДП - 511 депутат, ҚПП – 1, «Ауыл» ҚСДП - 2, ҚХКП – 2, қоғамдық бірлестіктерден – 9, өзін-өзі ұсынушы – 99 адам сайланды;

Аудандық мәслихаттарға депутат болып «Нұр Отан» ХДП - 1823 депутат, ЖСДП – 2, «Ауыл» ҚСДП - 24, «АҚ ЖОЛ» ҚДП - 1, ҚХКП – 8, қоғамдық бірлестіктерден – 13, өзін-өзі ұсынушы – 288 адам сайланды.