Қазақстан Республикасы Парламент маслихатының депутаттар сайлауы
2006 жылы өткен, шығып қалғандардың орнына мәслихаттардың депутаттарын сайлау қорытындылары туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сай мәслихат депутатының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған, ол мандатынан айырылған не қайтыс болған жағдайларда, шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауы өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесе отырып, шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізу жөнінде жұмыс жүргізді.

2006 жылғы наурыз-қазан айларында өңірлерде, 14 облыс пен Астана, Алматы қалаларының 178 сайлау округінде, оның ішінде 25 облыстық, 34 қалалық және 119 аудандық мәслихатта шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті.

Мәслихаттар депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатудың негізгі себептері – депутаттардың мемлекеттік қызметке ауысуы (91 адам, 51,1 %), олардың тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністен тысқары кетуі (45 адам, 25,3 %), депутаттардың қайтыс болуы (20 адам, 11,2 %), депутаттардың орнынан кету туралы жеке өтініші бойынша (9 адам, 5,1 %), басқалар (13 адам, 7,3 %).

Шығып қалғандардың орнына депутаттар сайлауын өткізуге 14 облыстық, Астана және Алматы қалалық, аудандық, 178 округтік және 1043 учаскелік сайлау комиссиялары қатысты.

Облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссиялары қажетті әдістемелік және нормативтік материалдармен (сайлау құжаттарының үлгілерімен, Күнтізбелік үлгі жоспармен, Ортсайлаукомның қажетті қаулыларымен және басқалармен) жабдықталды.

Орталық сайлау комиссиясы сайлауды қажетті бюджет қаражатымен қаржыландыруды қамтамасыз етті.

Жергілікті (облыстық және аудандық) бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау округтері мен учаскелердің шекаралары, аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жерлері туралы қажетті мәліметтер уақтылы жария етілді.

Жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелеріне беру үшін сайлаушылардың тізімдерін нақтылау жөнінде жұмыс жүргізді.

Облыстық, Астана, Алматы қалалық сайлау комиссиялары төмен тұрған сайлау комиссияларымен семинар-кеңестер өткізді.

Барлығы 614 кандидат ұсынылып, олардың 549-ы тіркелді.

Орташа бәсекелестік 1 мандатқа 3 кандидаттан құрады. Бұл ретте облыстық мәслихаттар депутаттарының 25 мандатына 112 адам (1 мандатқа 4 адамнан) үміт артты. Қалалық мәслихаттар депутаттарының 1 мандатына 4 адамнан үміт артты. Аудандық мәслихаттар депутаттарының 1 мандатына 3 адамнан үміт артты. Депутаттық мандаттан үміткерлердің ең көп саны Қостанай облысының Рудный қалалық мәслихатының № 8 сайлау округіне тән болды – 11 кандидат.

Тіркелген кандидаттардан 464 немесе 84,5 % - өзін-өзі ұсыну жолымен, 59 (10,7 %) - «Отан» РСП, 6 (1,1%) – «Асар» РП, 4-тен (0,7%) – Қазақстанның Азаматтық партиясынан, «Ауыл» ҚСДП және ҚКХП, 5 (0,9) – қоғамдық бірлестіктерден, 1 (0,2) - «АҚ ЖОЛ» ҚДП мен 2 (0,4) – ҚКП-нан ұсынылды.

Дауыс беру 1043 сайлау округінде өтті.

Сайлаушылардың тізімдеріне 797824 адам енгізілді, олардың 453204-і сайлау бюллетеньдерін алды, осылайша келу 56,8 %-ті құрады. (2003 жылы мәслихаттар депутаттарының кезекті сайлауында сайлаушылардың келуі 56,4 %-ті құраған болатын). Жарамсыз бюллетеньдер саны 11393-ті құрады. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласында сайлаушылардың келуі республикалық орташа деңгейден төмен болды – тиісінше 17,5 % және 12,5 %. Ең енжар сайлаушылар Ақтау қаласында тән болды, мұнда қалалық мәслихаттың № 10 сайлау округінде олардың келуі 7,2 %-ті құрады (сайлаушылар тізіміне енгізілген 7212 сайлаушының 517-і).

Сайланған мәслихаттар депутаттарының құрамында:

  • ер адамдар – 151 (84,8 %)
  • әйел адамдар – 27 (15,2 %)
  • әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері – 10 (5,6 %)
  • мемлекеттік кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері - 74 (41,6 %)
  • коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері – 85 (47,8 %)
  • зейнеткерлер – 3 (1,7 %)
  • уақытша жұмыс істемейтіндер – 3 (1,7 %)
  • басқалар – 3 (1,7 %).
  • Қазақстан Азаматтық партиясынан ұсынылды – 2 (1,1 %)
  • «Ауыл» партиясынан ұсынылды – 1 (0,6 %)
  • ҚКП-нан ұсынылды – 1 (0,6 %)
  • «Отан» Республикалық партиясынан ұсынылды – 44 (24,7 %)
  • «Асар» Республикалық партиясынан ұсынылды - 1 (0,6 %)
  • қоғамдық бірлестіктен ұсынылды – 1 (0,6%)
  • өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды – 128 (71,9 %).

Дауыс беру күні сайлауды байқауды 1999 адам, оның ішінде 1214 (60,7 %) – сенім білдірілген адамдар, 478 (23,9 %) – саяси партиялардан, 261 (13,1 %) – қоғамдық бірлестіктерден, БАҚ – 46 (2,3 %) жүзеге асырды.

Орталық сайлау комиссиясының 2006 жылғы 9 наурыздағы № 60/120 және 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 64/125 қаулыларымен депутаттар сайлауын өткізу кезінде дауыс беру қағаз және электрондық сайлау бюллетеньдерін пайдалана отырып, жүзеге асырылатын болып Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының облыстық мәслихаттары мен Астана қаласының сайлау учаскелері айқындалды.

Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу кезеңінде Орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларына әдістемелік басшылық жасады және олардың қызметінің сайлау туралы заңнама талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырды.

2003 жылғы 20 қыркүйекте сайланған мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі 2007 жылғы 30 қазанда аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-бабына сәйкес мәслихат өкілеттігінің конституциялық мерзімінің аяқталуына бір жыл қалғанда, яғни 2006 жылғы 30 қазаннан кейін шығып қалған депутаттың орнына сайлау өткізілмейді.