ҚР ОСК құрамы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі



Utemisov.jpeg ӨТЕМІСОВ   Шавхат Әнесұлы


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі


12.06.1963 жылы Батыс-Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Чапаев аулында туған.

1985 жылы А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын, 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.


Еңбек қызметі:

Еңбек жолын 1985 жылы Орал облысы Чапаев аулындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған.

05.1987-05.1992 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Чапаев аудандық комитетінің нұсқаушысы, комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісі, Қазақстан ЛКЖО Орал облыстық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, хатшысы, екінші хатшысы.

05.1992-04.1994 жылдары – Орал облыстық әкімшілігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.

04.1994-01.2000 жылдары – Батыс-Қазақстан облысы Жастар істері, туризм және спорт басқармасының бастығы, Батыс-Қазақстан облысы Туризм және спорт басқармасының бастығы.

01.2000-01.2001 жылдары – Батыс-Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы.

01.2001-05.2002 жылдары – Батыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

05.2002-02.2006 жылдары – Батыс-Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімі.

02.2006-08.2007 жылдары – Батыс-Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2007-2011 жылдары – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің мүшесі.

2012-2016 жылдары – V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

2016-2021 жылдары – VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

02.2021-02.2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің аппарат басшысы.

24.02.2022 ж. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды.


Мемлекеттік наградалар: «Құрмет» орденімен марапатталған.


Отбасы жағдайы: Үйленген, 2 баласы бар.