ҚР ОСК құрамы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі



Смағұлов Асылбек Айжарықұлы Асылбек  Айжарықұлы СМАҒҰЛОВ


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі


1970 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Нұра совхозында дүниеге келген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.


Еңбек жолын 1987 жылы жұмысшы болып бастады. 1988-1990 жылдар аралығында КСРО Қарулы күштері қатарында азаматтық борышын өтеген. Құқық қорғау органдарындағы қызметін 1991 жылы Ақтөбе қаласы ҚІІБ жанындағы ПБҚ ЖБ милиционері лауазымынан бастаған.

1991 - 1992 жж. – КСРО ІІМ Свердлов жоғары мектебінің тыңдаушысы;

1992 - 1995 жж – ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің тыңдаушысы, аталған мектепті үздік бітірді;

1995-2000 жж. - Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің оқытушысы, адъюнкты, аға оқытушысы;

2000-2012 жж. - Республикасы Қаржы полициясының академиясында қылмыстық құқық және криминология кафедрасының доценті, бастығы, Академия бастығының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары, Академия бастығының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру жөніндегі орынбасары;

2012 - 2016 жж. - «Қазақстан Республикасының Заңнама институты» ММ директоры;

24.03.2016 – 15.09.2020.жж. «Нұр Отан» партиясынан VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды;

2020 жылғы 16 қыркүйек - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі.


Отбасы жағдайы: үйленген, екі баласы бар.


Мемлекеттік наградалар:

Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) және Әділет министрлігінің құрмет грамоталарымен, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшiн», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Әділет органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін», «МПА СНГ. 25 лет», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған. Өзге де наградалары бар.


Қазақстан Республикасы «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңестің, Журналистер одағының, мүшесі болып табылады. Бірқатар басылымдарда жарияланған 100-ден астам ғылыми еңбектердің, оның ішінде 2 оқулықтың (бірлескен авторлықтағы), 10-нан астам оқу құралдары мен монографиялардың авторы.