ҚР ОСК құрамы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі

 

Сәбила Сапарқызы Мұстафина

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі


1960 жылғы 9 қарашада Ақмола облысы Ерейментау қаласында дүниеге келді. 


1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауылшаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша, 1990 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірді, саясаттанушы.

 

Еңбек қызметі:

1982-1983 жж. – Целиноград ет-сүйек ұны зауытының бас экономисі;

1983-1985 жж. – Целиноград ауыл шаруашылығы институтының оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы;

1985-1991 жж. – Совет аудандық комитетінің бірінші хатшысы, ҚЛКЖО Целиноград облыс комитетінің екінші хатшысы;

1991-1995 жж. – ЛКЖО ОК-нің хатшысы, Қазақстан жастары одағы ОК хатшысы;

1995-1996 – «Айсар» ЖШС бас директорының орынбасары;

1996-1999 жж. – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің консультанты;

02.1999-12.2002 жж. – Қазақстан Республикасы министрі, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссиясының Төрайымы хатшылығының меңгерушісі;

12.2002-11.2003 жж. – Қазақстан Республики Премьер-Министрі хатшылығының меңгерушісі;

11.2003-04.2004 жж.- Қазақстан Республикасының Президенті Кеңсесінің мемлекеттік инспекторы;

04.2004-11.2004 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының  бас инспекторы;

11.2004-11.2006 жж. – Астана қ. әкімінің орынбасары

11.2006-04.2008 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік саласы секторының меңгерушісі;

04.2008-11.2011 жж. – Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының әкімі;

11.2011-09.2016 жж. – Астана қаласы «Есіл» ауданының әкімі;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;

19.07.2017 – 29.09.2021 жж. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі № 664 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып қайта тағайындалды.


Отбасылық жағдайы:

тұрмыста, 2 баласы бар.


Наградалары:

«Құрмет» ордені (2010 ж.), «Парасат» ордені (2016 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл».