ҚР ОСК құрамы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы

 

Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы


1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы «Темір» совхозында туған.


С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1986) бітірген. Тарихшы, шетел тілінде оқытатын тарих пәнінің оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(1998), заңгер.

 

Еңбек қызметі:

Еңбек қызметін 1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының ассистенті, тәлімгері болып бастады.

1993-1999 «Яшар холдинг» компаниясының өңірлік менеджері, Алматы қ.

1999-2005 «Алматыжарнама» МК директоры, Алматы қ.

2005-2006 «Асар» республикалық партиясы» РҚБ Орталық аппараты хатшысының орынбасары, хатшысы, Алматы қ.

2006-2008 «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары, Астана қ.

03.2008-11.2008 «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының хатшысы, Астана қ.

2008-2013 «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты басшысының орынбасары, Астана қ.

2013-2014 «Евразия» бірінші арнасы» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, Астана қ.

2014-2016 ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясы аппаратының басшысы, Астана қ.

2016 жылдан бастап – алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

2018-2021 Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

01.2021-03.2022 жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

2022 жылғы 30 наурызда - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды.

2022 жылғы 30 наурызда - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.


Отбасылық жағдайы:

Үйленген, екі ұлы бар.


Марапаттары:

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.