ҚР ОСК құрамы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

 

ӘБДІРОВ Нұрлан Мәжитұлы


 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

 

1961 жылғы 12 қаңтарда туған.


КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін, КСРО ІІМ Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының күндізгі адъюнктурасын (Мәскеу қ.), Дж.Маршалл атындағы Қауіпсіздік мәселелерін зерделеу жөніндегі Еуропалық орталықта басшылық құрамның 4 айлық курстарын (Германия) бітірген.


Заңгер-құқықтанушы. Заң ғылымдарының докторы, профессор.


Еңбек қызметі:

09.1982 – 06.1997 жж. - ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде оқытушылық қызмет атқарды.

06.1997 – 05.2000 жж. – Қазақстан Республикасының Есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының хатшысы.

05.2000 – 09.2002 жж. – Қазақстан Республикасы Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары.

09.2002 – 06.2005 жж. – Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының мемлекеттік инспекторы, Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы Қоғамдық және экологиялық қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

06.2005 – 09.2009 жж. – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі Хатшысының орынбасары – Қауіпсіздік кеңесі Хатшылығының меңгерушісі.

09.2009 – 08.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төртінші, бесінші, алтыншы сайланымдарының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы.

08.2020 – 09.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

09.2020 – 01.2022 жж. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 25 қаңтардағы № 784 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы болып тағайындалды.


Наградалары:

«Парасат», «Құрмет» ордендерімен, ТМД ПАА-ның «Содружество» орденімен, медальдармен марапатталған.