07.03.2024 |
ҚР ОСК әйелдерді құттықтады
Орталық сайлау комиссиясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіров құттықтау сөзінде Халықаралық әйелдер күні – жарқын және жылы көктем мерекесі екенін атап өтті. Әйелдер әрқашан өз елінің тағдыры үшін жауапкершілікті ер адамдармен тең бөлісті. Осы тамаша күні қымбатты әжелер мен аналарға, қыздар мен әпкелерге, әріптестерге болашақ ұрпақты тәрбиелегені, еліміздің әл-ауқатына күнделікті қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, амандық және бақыт тілеймін!
Аппарат қызметкерлері музыкалық құттықтау дайындады және ұсынды.