13.02.2024 |
ҚР ОСК өкілдері Пәкістандағы сайлауды байқады
2024 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов және ОСК аппаратының қызметкері Дастан Дәулетияров Пәкістан ОСК шақыруымен Пәкістан Ислам Республикасының Ұлттық жиналысына (Парламенттің төменгі палатасы) және Пенджаб, Синд, Белуджистан мен Хайбер-Пахтунхва провинцияларының заң шығарушы органдарына сайлауды халықаралық байқауға қатысты.
Сайлау күні қарсаңында Асылбек Смағұлов Пәкістан ОСК хатшысы доктор Сайед Асиф Хусейнмен жұмыс кездесуін өткізді, оның барысында тараптар өз елдерінің сайлау жүйелерінің құрылымдары туралы бір-бірін хабардар етті, сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру мәселелері және сайлау өткізудің кейбір ерекшеліктері жөнінде пікір алмасты.
Пәкістан ОСК мәліметтері бойынша, елде 130 миллионға жуық сайлаушы тіркелген, оның ішінде шамамен 57 миллион - жастар. 2024-2029 жылдарға Пәкістанның Ұлттық жиналысында 336 мандат қарастырылған.
Халықаралық байқауға жүзден астам халықаралық байқаушы, оның ішінде Қазақстаннан алғаш рет 2 байқаушы қатысты.
Жалпы, Пәкістан тарапы Қазақстан ОСК өкілдерін жылы қабылдады. Тараптар электраттық саладағы Қазақстан-Пәкістан ынтымақтастығын одан әрі дамыту және тәжірибе алмасу жөнінде ортақ пікірге келді.