05.02.2021 |
ҚР ОСК ЕЕСҰҚ онлайн-симпозиумына қатысты
2021 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының өкілдері «Олар бірінші рет дауыс береді, бірақ соңғы рет емес: үрдістер, проблемалар және жастардың саяси қатысуына арналған үздік тәжірибелер» тақырыбындағы ЕЕСҰҚ онлайн-симпозиумына қатысты.
Іс-шара шеңберінде жастардың саяси сауаттылығы мен электоралдық белсенділігін арттыру мәселелері, оның ішінде күрделі эпидемиологиялық жағдайда талқыланды.
Онлайн-симпозиум жұмысына халықаралық ұйымдардың және шет мемлекеттер сайлау органдарының 50-ден астам өкілі қатысты.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz