13.01.2021 |
Ақпараттық хабарлама
2021 жылғы 12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы «VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары және партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындылары бойынша Парламент Мәжілісінің депутаттық мандаттарын бөлу туралы» қаулы қабылдады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу жүзеге асырылды: «Nur Otan» партиясы - 76 мандат, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 12 мандат, Қазақстанның Халық партиясы – 10 мандат.
Сайлау заңнамасына сәйкес депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін саяси партияның басшы органы партиялық тізімге енгізілген кандидаттар арасынан сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап он күннен кешіктірмей айқындайды.
Осыған байланысты, 2021 жылғы 13 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясына Қазақстанның Халық партиясының партиялық тізіміндегі Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың белгіленген кезектілігі ұсынылды.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection