10.01.2021 |
Сағат 7.00-ге сайлау учаскелерін ашу туралы
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Сондай-ақ 12 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 12 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті.
Республикада барлығы 10 060 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде 66 сайлау учаскесі - 53 елде Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанында.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң шеңберінде аумақтық сайлау комиссиялары қабылданған шешімдерге сәйкес, 47 учаскелерінде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталды.
Қазақстан Республикасының аумағындағы уақыт белдеулерінің шекараларына сәйкес 5 өңірде - Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-де дауыс беруге кірісті.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
v.zheksembekova@election.gov.kz