14.12.2020 |
ҚР ОСК онлайн-семинар өткізді
А.ж. 14 желтоқсанда ҚР ОСК-ның а.ж. 29 қазанда № 34/341 қаулысымен бекітілген ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі науқан кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесіне басқа да қатысушыларды оқытуды ұйымдастыру жоспарына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері үшін оқыту онлайн-семинары өтті.
Оқыту семинары барысында сайлаушылар тізімдерімен жұмысты ұйымдастыру, сайлау алдындағы үгітті жүргізу, сондай-ақ партиялық тізімдерді ұсынған партиялар жұмысының қаржылық аспектілері қаралды.
Семинарда ҚР Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петров, ҚР ОСК хатшысы С.С. Мұстафина және ҚР ОСК мүшесі А.Г. Щегорцова сөз сөйледі.
Сондай-ақ БКБ-семинар барысында Сайлау комиссиялары үшін оқу материалдарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының мүшелері сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау күнін ұйымдастыруға және өткізуге оқытудың тәжірибелік аспектілерін талқылады.
Осындай тақырыптар бойынша оқыту учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері үшін каскадтық әдіспен өткізілетін болады.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Баспасөз қызметі
тел. 75-21-03, 75-23-69
a.khusainova@election.gov.kz
v.zheksembekova@election.gov.kz
https://t.me/electionelection