16.09.2017 |
Ортсайлайком ұжымы жалпы қалалық сенбілікке шықты
16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұжымы экологиялық айлық аясында «Астана-таза қала!» ұранымен қаланың көркейтілуі, көгалдандырылуы және санитарлық тазалық үшін жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты.
Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы аумағында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, сенбілік үшін Астана қаласы әкімдігі тарапынан арнайы техника жұмылдырылып, сондай-ақ, жұмыс істеуге қажетті құрал-саймандармен қамтылу ұйымдастырылды.
Астанада көктемде және күзде тұрақты өтетін қалалық сенбіліктерге қатысу – Ортсайлауком үшін дәстүрге айналған.