13.09.2017 |
12-13 қыркүйекте ҚР ОСК мүшесі М. Сарсембаев Қазақстан делегациясының құрамында ЕҚЫҰ кеңесіне қатысты
2017 жылғы 12-13 қыркүйекте Варшава қаласында ҚР ОСК мүшесі М.А. Сәрсембаев Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында демократиялық сайлауды өткізу мәселелері бойынша Адами өлшем саласындағы міндеттемелердің орындалуына шолу жөніндегі ЕҚЫҰ-ның жыл сайынғы жиналыстарының жұмысына қатысты.
Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында Бас прокуратурасының, Сыртқы істер министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері қатысты.
Өткен кеңес қатысушы-мемлекеттер тарапынан адами өлшем саласындағы міндеттемелерді орындау барысы, сондай-ақ олардың жинақталған жағымды тәжірибесі талқыланған сессиялар түрінде өтті.
Өз сөзінде ҚР ОСК мүшесі М. Сәрсембаев қатысушыларды осы жылғы маусым айында Қазақстан Республикасында болған Парламент Сенаты депутаттары сайлауының негізгі қорытындыларымен таныстырды, біздің еліміздің саяси және сайлау жүйесін одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
«Өткен сайлауда әр 14 облыстан, Астана және Алматы қалаларынан бір-бірден 16 Парламент Сенатының депутаты сайланды. Сайлау таңдаушыларды электрондық тіркеудің пилоттық жобасын пайдалана отырып өткізілді» – деп айтты.
Кеңеске қатысушы мемлекеттер арасында оң тәжірибе, сондай-ақ сайлау саласындағы озық тәжірибе алмасуды одан әрі ынталандыру қажеттігінің туындағанымен келісті.