24.08.2017 |
2017 жылғы 24 тамызда Қазақстан Республикасының 14 облысында аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлау аяқталды.
Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтеріне сәйкес, сайлау науқанында ауыл әкіміне 4059 кандидат ұсынылып, олардың 3951 тіркеуден өтті. 4-24 тамыз аралығында сайлау өткен 14 аймақта барлығы 1416 ауыл әкімі сайланды.
Ақмола облысында 136, Ақтөбе облысында 77, Алматы облысында 129, Атырау облысында 48, Шығыс Қазақстан облысында 134, Жамбыл облысында 89, Батыс Қазақстан облысында 95, Қостанай облысында 137, Қарағанды облысында 129, Қызылорда облысында 72, Маңғыстау облысында 26, Павлодар облысында 98, Солтүстік Қазақстан облысында 138, Оңтүстік Қазақстан облысында 108 ауыл әкімі сайланды.
Ақтөбе облысындағы бір ауылдық округте 20 қыркүйекте сайлау қайтадан өтеді.
Сайлаудың ұйымдастырылуы мен өткізілуін 14 облыстық, 28 қалалық және 160 аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қамтамасыз етті.
Сайлау комиссиялары тарапынан қажетті ұйымдастырушылық іс-шаралар сайлау заңнамасына сәйкес жүргізілді.