03.04.2017 |
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ҚР ОСК мүшесі С. Мұстафина
Армения Республикасы Ұлттық Жиналысы депутаттарын
сайлауды байқауға қатысты
2017 жылғы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы ОСК мүшесі С.Мұстафина Армения Республикасы ОСК шақыруы бойынша Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының депутаттарын сайлауды байқауға қатысуда.
Сайлау күні Қазақстан Республикасы ОСК мүшесі С.Мұстафина Ереван қаласындағы бірқатар сайлау учаскелерін аралап, дауыс беру, дауыстарды санау рәсімдерінің ерекшеліктерімен, учаскелік сайлау комиссияларының жұмысымен және олардың ұлттық сайлау заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз етуімен танысты.
2017 жылғы 1 сәуірде жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы ОСК мүшесі С.Мұстафинаның Армения Республикасы ОСК Басшысы Тигран Мукучянмен кездесті.
Кездесу барысында Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының депутаттарын сайлауды өткізудің тәжірибелік аспектілері, науқанның барысы мен ерекшеліктері, сайлау органдарының жұмысы, сондай-ақ олардың сайлау процесінің ашықтығы мен оның ұлттық сайлау заңнамасының нормаларына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін алдын ала қабылданған шаралар талқыланды.
Қазақстан мен Армения орталық сайлау органдарының арасында сайлауда байқаушылар топтарымен алмасу және сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәжірибесін зерделеу жөнінде тығыз серіктестік қарым-қатынас орнағаны атап өтілді.
ТМД-дан байқаушылар Миссиясының құрамында барлығы 172 өкіл байқауды жүзеге асырды, оның ішінде Қазақстаннан – 26. ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылар Миссиясының құрамында – 250 қысқа мерзімді байқаушы, оның ішінде 4-і – Қазақстаннан.