01.03.2024 |
2024 жылғы 31 наурызға тағайындалған
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының
орнына сайлауда аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың
республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының
мөлшерлерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандар мәслихаттарының депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшерлері белгіленсін:
1) бағдарламаны теледидар, радио арқылы баяндау және мерзімді баспасөз немесе желілік басылымдарында екі мақала жариялау – 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару – 120 000 (жүз жиырма мың) теңге;
3) көліктік шығыстар - 65 000 (алпыс бес мың) теңге.
2. Осы қаулы Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Жоғарыда көрсетілген облыстық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандар мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2024 жылғы 1 наурыз
№ 15/17