21.12.2023 |
Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы
20 желтоқсанда өткен сайлаудың қорытындыларын анықтау және
жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9, 12, 44 және 81-баптарына сәйкес Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы Қостанай облыстық сайлау комиссиясы хаттамасының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына сайлау өтті деп танылсын.
2. Бибігүл Бүркітқызы Аққожина Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының сайланған депутаты болып есептелсін.
3. Қостанай облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутатының орнына 2023 жылғы 20 желтоқсанда өткен сайлаудың қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 21 желтоқсан
№ 105/807