15.02.2023 |
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында
«AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін
тіркеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін.
2. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
4. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
5. «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы,
2023 жылғы 15 ақпан
№ 43/719