13.02.2023 |
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына
шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын
аккредиттеудің кейбір мәселелері туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 14/2369-И ұсынымының негізінде 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының халықаралық байқаушылары Даниела Ида Боттиджелли мен Илья Уваровты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттеу кері қайтарып алынсын.
2. Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының халықаралық байқаушылары Даниела Ида Боттиджелли мен Илья Уваровтың куәліктері кері қайтарып алынсын.
3. «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 9 ақпандағы № 34/709 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген, 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында аккредиттелген халықаралық ұйымның байқаушыларының тізімінде (2-қосымша):
«Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы» бөлімінде реттік нөмірі 14 «27 Daniela Ida Bottigelli» деген жол алынып тасталсын;
«Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясы» бөлімінде реттік нөмірі 23 «36 Ilia Uvarov» деген жол алынып тасталсын.
4. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында шет мемлекеттердің байқаушылары 1-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
5. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында халықаралық ұйымдардың байқаушылары 2-қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
6. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың сайлау комиссияларына жеткізілсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы М.Т. Ерманға жүктелсін.
Төраға |
Н. Әбдіров |
Хатшы |
М. Ерман |
Астана қаласы
2023 жылғы 13 ақпан
№ 39/714