08.06.2022 |
Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлытау облысының аумақтық сайлау комиссиясы құрылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған мерзімнен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға |
Н. Әбдіров
|
Хатшы |
М. Ерман |
Нұр-Сұлтан қаласы,
2022 жылғы 8 маусым,
№ 48/510