Мүгедектердің сайлау құқығы

Сайлау заңнамасындағы жаңа енгізілімдер туралы



2018 жылғы 29 маусымда сайлаушылар болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында сайлау тәжірибесінде алғаш рет «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтырулар қабылданды.

Мынадай нормалар көзделді:

– 18-бап (4-1-тармақ) учаскелік сайлау комиссиялары мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдайтынын көздейді;

– 39-бап (1-1-тармақ) дауыс беруге арналған үй-жайды жабдықтау кезінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтар болып табылатын сайлаушылардың кедергісіз кіруі және онда дауыс беруі үшін жағдайлар қамтамасыз етілуі тиіс екенін көздейді;

– 48-бап (2-1-тармақ) жергiлiктi атқарушы органдар сайлау комиссияларына мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыста жәрдемдесуге мiндеттi екенін көздейді.

«Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Орталық сайлау комиссиясының қаулысына жаңа «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері» деген тарау енгізілді.

Бұл тарау мыналарды көздейді:

– дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) орналасатын ғимаратқа кіреберісте тұтқалар, төсеніштер, пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар (уақытша рұқсат етіледі) көзделуі тиіс;

– дауыс беруге арналған үй-жайлар мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін барынша қолжетімді болуға, бірінші қабаттарда орналасуға немесе басқа қабаттарға бару үшін көтеру тетіктері болуға тиіс;

– дауыс беруге арналған үй-жайларда тактильді көрсеткіштер (мүмкіндігінше), тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған, соның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген, жасырын дауыс беруге арналған кабина(лар) көзделуге тиіс;

– мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін арнайы жабдықталған орын (бұрыш) көзделуі қажет (мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін бейімделген форматтағы материалдары бар компьютер, (құлақаспаптар, Брайль қарпінде орындалған сайлау туралы ақпараты бар арнайы папка және басқалары).

Жергiлiктi атқарушы органдар мүмкіндіктері шектеулі азаматтар үшін дауыс беруге арналған арнайы сайлау учаскелерiн құруы мүмкін.