ЭЛЕКТОРАЛДЫҚ СӨЗДІК



ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ!



Сайлау құқығы бойынша терминологияны түсіну сайлау, референдум туралы толыққанды ақпарат ала отырып, қатысу және дауыс беру арқылы өз елінің болашағына ықпал ету үшін маңызды. 

Осы онлайн-сөздік Қазақстан азаматтарына сайлау құқығы мен процесі, сайлау және референдум терминдерін қолдануға көмектесетін қолжетімді ресурс ретінде әзірленген. Онда жалпы терминдердің қысқаша түсіндірмелері мен анықтамалары берілген.

Сөздікті дайындау кезінде құрастырушы-автор ғылыми түсіндірулер мен күрделі түсіндірулерді қолданбауға тырысты.

Сөздікте қамтылған терминологиялық база ашық сипатта болады және сайлау жүйесiнiң одан әрi эволюциясын, сайлау технологияларын дамытуды және сайлау заңнамасын жетiлдiрудi ескере отырып толықтырылатын болады.

Осы онлайн-сөздік Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында орналастырылған: https://www.election.gov.kz/kaz/elektorialdyk-sozdik/alfavit.php







Құрастырушы-автор: И.О. Әубәкірова, з. ғ. д., профессор 

Жауапты редактор: З.Ж. Марданова, т. ғ. к., қауым. профессор

Техникалық қолдау: А.У. Темірханов