ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БІРЛІК – әкімшілік-басқару функцияларын, соның ішінде  сайлау мен референдумды ұйымдастыру мен өткізу, жүзеге асыру үшін белгіленген шекараларда құрылған мемлекет аумағының бөлігі. Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бірліктер жүйесін ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс  құрайды.