ТАҢДАУШЫЛАР – көп сатылы сайлау шеңберінде сайланбалы қызметке кандидаттарға дауыс беретін тұлғалар. Таңдаушылар институтын пайдаланған жағдайда азаматтар бұл құқықты таңдаушыларға бере отырып, кандидаттарға тікелей дауыс бермейді. Қазақстанда таңдаушылардың функцияларын екі сатылы сайлау шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау кезінде мәслихат депутаттары орындайды.