САЙЛАУШЫЛАРДЫҢ (ТАҢДАУШЫЛАРДЫҢ) ТІЗІМІ – жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасына сәйкес жергілікті атқарушы орган қалыптастыратын және Президентті, Парламент Мәжілісі мен Сенатының және мәслихаттардың (өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының) депутаттарын, әкімді сайлау кезінде белсенді сайлау құқығына ие азаматтар, сондай-ақ референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар туралы заңда белгіленген мәліметтерді қамтитын құжат. Азаматты нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның нақты сайлау учаскесінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады.