САЙЛАУДЫ ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНУ – сайлау өткізілгеннен кейін және кандидат Президент, Парламент депутаттығына, мәслихат депутаттығына тіркелгенге дейін тиісті аумақта немесе округте сайлауды жарамсыз деп тану рәсімі. Кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның заңда белгіленген талаптарды, оның ішінде сайлау қорларын жұмсау тәртібін бұзуы сайлауды жарамсыз деп тану үшін негіз болып табылады.