САЙЛАУДЫ ТІКЕЛЕЙ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ – сайлауға дайындалу және өткізу мақсатында заңмен рұқсат етілген әртүрлі көздерден қаражат беру. Жанама қаржыландырудың тікелей қаржыландырудан айырмашылығы, сайлау процесіне қатысушыларға қандай да бір материалдық және материалдық емес игіліктер (үй-жай, өтеусіз қызметтер және т.б.) ұсынуды көздейді.