САЙЛАУ – сайлау кезеңдерінің, әрекеттерінің, рәсімдері мен кепілдіктерінің жиынтығы болып табылатын сайланбалы лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарын азаматтардың дауыс беруі арқылы сайлау процесі. Қазақстанда Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенаты мен Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын (өзге де жергiлiктi мемлекеттiк органдарды), аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкiмдерiн сайлау үшiн сайлау өткiзiледi. Сайлау азаматтардың белсенді және бәсең сайлау құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.