САЙЛАУ ЦЕНЗДЕРІ – сайлау құқығын алу немесе жүзеге асырудың заңмен белгіленген шектеу шарттары. Әртүрлі мемлекеттердің тәжірибесінде әртүрлі ценздер белгілі – жасы, азаматтығы, білімі, мүлкі, тұрғылықты жері, нәсілі, жынысы, қызметі, тілі бойынша. Қазақстанның сайлау құқы да белгілі бір ценздерді қарастырады.