ЖАБЫҚ ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМ – саяси партиядан өкілді билік органына  кандидаттардың тізімі, онда кандидаттардың кезектілігі  электоратқа   жария етілмейді және сайлаушы кандидаттар арасында орын бөлу кезектілігін  білмей, оған тұтастай дауыс береді. Жабық тізімнен айырмашылығы, ашық партиялық тізім сайлаушыға белгілі бір партияны ғана емес, одан сайланатын кандидаттар үшін да таңдау мүмкіндігін береді.