ХАБАРЛАНДЫРУ



Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Әлем мемлекеттерінің сайлау жүйелері» тақырыбында интернет-олимпиаданың өткізілетінін хабарлайды..

Интернет-олимпиада Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері арасында жүргізіледі.

Жобаның қос ұйымдастырушылары:

- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясына қатысушы мемлекеттер азаматтарының демократияны, парламентаризмді дамыту және сайлау құқықтарын сақтау мониторингінің халықаралық институты;

- Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы.

Викторина екі кезеңде өтеді:

- 1 кезең - әлем мемлекеттерінің сайлау жүйелері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сайлау жүйелері, Қазақстанның сайлау жүйесі мәселелері бойнша онлайн-тестілеу (2020 жылғы 29 қыркүйек, 10:00 – 16:00 сағ.);

- 2 кезең - «Үздік пікірталасшы» интерактивті сайыс (2020 жылғы 30 қыркүйек).

Интернет-олимпиаданың жеңімпазы а.ж. желтсан айында Санкт-Петербург қаласында өткізілетін ТМД құрама командасының құрамында Халықаралық ғылыми пікірталасқа (ұйымдастырушылар қаражаты есебінен) қатысады.

Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады::

8 (7172) 75 29 13,

8 777 777 87 20 (WhatsApp),

e-mail: sh.shayakhmetova@election.gov.kz