Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсiның депутаттар сайлауы

ДАУЫС БЕРУ КҮНІ
(2004 жылғы 19 қыркүйек)


Республика бойынша сайлаушылардың тізімдеріне 8662188 азамат енгізілді, олардың ішінде 4893204 адам немесе 56,49 проценті дауыс беруге қатысты. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс 141715 сайлаушы дауыс берді.

2004 жылғы 19 қыркүйектегі сайлауда автоматтандырылған ақпараттық жүйенің көмегімен барлығы 1 млн. 900 мың сайлаушының дауыс беру мүмкіндігі болды. 23 сағат 30 минуттағы жағдай бойынша электрондық сайлау бюллетенінің көмегімен 353855 сайлаушы немесе 18,06 % дауыс берді.

Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидат ретінде 513 адам дауысқа түсті.
Округтік сайлау комиссиялары деректерінің негізінде барлық 67 сайлау округінде сайлау өткізілді. 22 сайлау округінде: №№3, 5, 7, 8, 14, 26, 27, 30, 33, 40, 43, 44, 45, 51, 58, 59, 60, 61, 62, 64, 65, 66 қайта дауыс беру өткізілді.

Сайлауға 12 саяси партия, оның ішінде 4 – екі сайлау блогының құрамында қатысты.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы өзінің 2004 жылғы 25 қыркүйектегі № 141/205 қаулысымен округтік сайлау комиссияларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөнінде қайта дауыс беруді тағайындауды ұсынды.

САЯСИ ПАРТИЯЛАР БОЙЫНША САЙЛАУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ:

Сасяи партиялар мен сайлау блоктары үшін дауыстар берілді:


Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы 94140 1,98%
Қазақстанның «АУЫЛ» социал-демократиялық партиясы 82523 1,73%
"ОТАН" Республикалық саяси партиясы 2883706 60,61%
«Коммунистер мен ҚДТ оппозициялық халық одағы» сайлау блогы 163824 3,44%
Қазақстанның «АҚ ЖОЛ»Демократиялық партиясы 572672 12,04%
«Асар» Республикалық партиясы 541239 11,38%
"АИСТ» Аграрлық және Азаматтық партиялардың сайлау блогы (Аграрлық-Индустриалдық Еңбекшілер Одағы) 336177 7,07%
Қазақстанның патриоттар партиясы 26287 0,55%
Қазақстанның Демократиялық партиясы 36379 0,76%
«РУХАНИЯТ» партиясы 20826 0,44%

ҚАЙТА ДАУЫС БЕРУ

2004 жылғы 3 қазанда жиырма екі сайлау округінде қайта дауыс беру болды. Ол 2574 сайлау учаскесінде өтті. Сайлаушылар тізімдеріне барлығы 2 766 465 адам енгізілді. Қайта дауыс беруге 1 250 675 сайлаушы қатысты, бұл 45,21%-ті құрады.
Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен деректерге сай:

Алматы қаласы

№ 3 сайлау округі - депутат болып Киселев С.В. сайланды - «Асар» РП

№ 5 сайлау округі – депутат болып Асанов Т.М. сайланды - өзін-өзі ұсыну

№ 7 сайлау округі – депутат болып Ағатаев К.Ә. сайланды - өзін-өзі ұсыну

Ақмола облысы

№ 8 сайлау округі – депутат болып Утепбаев Б.А. сайланды - өзін-өзі ұсыну

Алматы облысы

№ 14 сайлау округі – депутат болып Омаров Е.О. - «Отан» РСП

Шығыс Қазақстан облысы

№ 26 сайлау округі – депутат болып Нұрахметов Т.Н. сайланды - өзін-өзі ұсыну

№ 27 сайлау откругі – депутат болып Досқалов В.А. сайланды - «Отан» РСП

Жамбыл облысы

№ 30 сайлау округі – депутат болып Түсіпов А.А. сайланды - «Отан» РСП

№ 33 сайлау округі – депутат болып Қалқабаев О.Ш. сайланды - өзін-өзі ұсыну

Қарағанды облысы

№ 40 сайлау округі – депутат болып Шаекин Р.М. сайланды - «Отан» РСП

Қызылорда облысы

№ 43 сайлау округі – депутат болып Қараманов Ұ. сайланды - «Отан» РСП

№ 44 сайлау округі – депутат болып Әубәкіров Т.О. сайланды - өзін-өзі ұсыну

№ 45 сайлау округі – депутат болып Шаханов М.Ш. сайланды- өзін-өзі ұсыну

Маңғыстау облысы

№ 51 сайлау округі – депутат болып Алшымбаев З.Ө. сайланды - ҚДП

Оңтүстік Қазақстан облысы

№ 58 сайлау округі – депутат болып Тшанов А.Қ. сайланды - өзін-өзі ұсыну

№ 59 сайлау округі – депутат болып Бейсенбаев А.А. сайланды - «Отан» РСП

№ 60 сайлау округі – депутат болып Сәрсенов Н.Ж. сайланды - «Отан» РСП

№ 61 сайлау округі – депутат болып Есжанов С.Қ. - өзін-өзі ұсыну

№ 62 сайлау округі – депутат болып Жылқышиев Н.Ә. сайланды - өзін-өзі ұсыну

№ 64 сайлау округі – депутат болып Аяшев О. сайланды - «Отан» РСП

№ 65 сайлау округі – депутат болып Абасов Е.Б. сайланды - «Отан» РСП

№ 66 сайлау округі – депутат болып Рүстемов Н.Т. сайланды - «Аист» Блогы

Қайта дауыс беру қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына: «Отан» Республикалық саяси партиясынан – 9 адам, «Асар» республикалық партиясынан – 1 адам, «АИСТ» сайлау блогынан 1 адам, Қазақстанның Демократиялық партиясынан – 1 адам, өзін-өзі ұсыну жолымен 10 адам сайланды.