22.09.2017 |
Орталық сайлау комиссиясында тілдерді білуден конкурс қорытындыланды
Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында және Қазақстан халқы тілдері күніне орай ү.ж. 20-22 қыркүйек аралығында ҚР Орталық сайлау комиссиясы аппаратының және «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» РМК қызметкерлері арасында тілдерді білуден конкурс өткізді.
Сайыс «Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген маман», «Қазақ орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген маман» және «Қазақ, орыс және түрік тілдерін жетік меңгерген маман» аталымдары бойынша ұйымдастырылды.
Конкурсқа қатысушылардың тілдерді білу деңгейлері берілген мәтіндерді ауызша және жазбаша түрде аудыру арқылы анықталды.
22 қыркүйекте конкурстық комиссия сайыстың қорытындысын шығарды. Нәтижесінде «Қазақ және орыс тілдерін жетік меңгерген маман» талымы бойынша Айнаш Қонаева, Түсіп Рысбеков және Айдана Кеңесова, «Қазақ орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген маман» аталымы бойынша Сәуле Қозыбаева, Ілияс Құрманов және «Қазақ, орыс және түрік тілдерін жетік меңгерген маман» аталымы бойынша Гүлмира Абдуллина үздік деп танылды.
Ортсайлауком аппараты басшысының м.а. Ырыскелді Жандарбеков жеңімпаздарға Құрмет грамоталары мен естелік сыйлықтарын табыстап, конкурсқа белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.