17.03.2017 |
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
ҚР ОСК Төрағасының көмекшісі Ж.С. Гарипова
электораттық оқыту жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік аппараттың жұмысын талдау жүйесі және оны бағалау» тақырыбындағы біліктілігін арттыру семинарында сөз сөйледі
Электораттық оқыту жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қосымша білім беру институтымен бірлесе отырып, «Мемлекеттік аппараттың жұмысын талдау жүйесі және оны бағалау» тақырыбындағы біліктілігін арттыру семинарларын өткізуде.
2017 жылғы 17 наурызда ҚР ОСК Төрағасының ішкі аудит мәселелері жөніндегі көмекшісі Ж.С. Гарипова «Мемлекеттік аппараттың жұмысын талдау жүйесі және оны бағалау» тақырыбындағы біліктілігін арттыру семинарында «Мемлекеттік қызметшілер қызметінің ішкі аудиті және оны бағалау әдістерін пайдалану тиімділігі мәселелері» туралы дәріс оқыды.
Дәріс барысында Қазақстан Республикасының, оның ішінде сайлау ұйымдастырушылар болып табылатын мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістері талқыланды.
Соңында талқыланған мәселе бойынша пікір алмасу болды, тыңдаушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.