Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында
Қазақстан Республикасының Республика күні құрметіне арналған
наградалар тапсыру мен құттықтаулар өтті
2023 жылғы 24 желтоқсанда еліміздің Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасының ОСК конференц-залында мерекелік жиналыс болды.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасы Н. М. Әбдіров Ортсайлауком мүшелерін, ҚР ОСК аппараты және «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерін еліміздің Ұлттық мерекесімен құттықтап, Республикаға сіңірген еңбегі және сайлау жүйесінің қалыптасуына қосқан лайықты үлесі үшін ОСК аппараты мен «ҚР ОСК Инженерлік-техникалық орталығы» РМК қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар мен Құрмет грамоталарын тапсырды.