image 9

Халықаралық ынтымақтастық және тәжірибе алмасу шеңберінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров бастаған ҚР ОСК делегациясы 2017 жылғы 24-25 қарашада жұмыс сапарымен Әзірбайжан Республикасында болып қайтты.

Сапар аясында Константин Петров Әзірбайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазаир Панаховпен кездесу өткізді.

Тараптар сайлау барысындағы халықаралық құжаттар мен қағидаттардың сақталуы, сайлау процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері төңірегінде пікір алмасты.

Сондай-ақ кездесуде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының делегациясы Әзірбайжан Республикасының «Сайлау» ақпараттық орталығының жұмысымен, округтік сайлау комиссияларының қызметімен танысып қайтты.

image 9