image 9

2017 жылғы 13-14 қарашада Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина Украинаның Ортсайлаукомы Сайлау жүйесінің халықаралық қорымен, Киев қ. (Украина) Еуропа Кеңесімен және ЕҚЫҰ Үйлестірушісінің Кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырған «Сайлауды әкімшіліктендіру жүйесін жетілдіру жолдары» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты.

Іс-шараға Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова және басқа елдердің орталық сайлау комиссияларының өкілдері қатысты.

Конференцияда С. Мұстафина «Жастарды электораттық-құқықтық ағартуды жетілдіру» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстанның Ортсайлаукомының жастарға сайлау құқығын құқықтық оқытудағы маңызы мен рөлін атап өтті.

Сондай-ақ іс-шара барысында ҚР ОСК делегациясының Мемлекеттік сайлаушылар тіркелімінің директоры Олександр Стельмахпен және Украинаның ОСК-сы жанындағы сайлаушылардың біліктілігін арттыру жөніндегі әкімшілік орталығының директоры Евгения Павловскаямен екіжақты кездесулері болды.

Кездесулерде Украинадағы сайлаушылардың тізімдерін жасау және электораттық оқыту мәселелері талқыланды. Тараптар сайлау процестеріндегі жемісті және озық тәжірибемен алмасып, сондай-ақ одан арғы ынтымақтастық туралы өз пікірлерімен бөлісті.

image10