Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ресейдегі Президенттік сайлау барысын қадағалау үшін Қазақстан Республикасы байқаушыларымен жедел өзара әрекеттестік ету мақсатында, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен техникалық және ұйымдастыру жағынан өзара әрекеттестік негізінде Ахуалдық орталық құрып, 2018 жылғы 18 наурыздың сағат 02.00-нен 2018 жылғы 19 наурыздың сағат 06.00-не дейін тиісті жұмыс жүргізді.
Ахуалдық орталық құрамына ҚР ОСК-нан және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 18 қызметкері кірді, олар келесі жұмыстарды атқарды:
- Қазақстан Республикасынан жіберілген ТМД – дан байқаушылар миссиясы құрамында, байқаушылардан ақпарат қабылдау;
- ақпараттар мен дайджестерді мониторингтеп, ҚР ОСК басшылығына ақпаратты жедел жеткізу;
- байқаушылар жұмыстарын үйлестіру және кеңес беру.