image 9

2018 жылғы 15 наурызда «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ақпараттық- техникалық сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисімен бірге «Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың сайлау құқығын іске асыру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында мүгедектердің сайлау құқықтарын жүзеге асырудағы жаңа мүмкіндіктері және сайлау органдарының қызметі мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің ұсынымдары тыңдалды. Дөңгелек үстел жұмысы мемлекеттік органдар мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің сындарлы диалогы аясында өтіп, жиын соңында қатысушылар мүгедектердің сайлау құқықтарын іске асырудағы Ортсайлаукомның оң қызметін атап өтті.

Осы қызмет саласында үлкен рөл қарастырылып отырған сайлаушылар санатының, сайлау процесін ақпараттық-бағдарламалық сүйемелдеуге бөлінеді, оны «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын қамтамасыз етеді және бұл жұмыс алдыңғы қатардағы әлем мемлекеттері деңгейіне жеткізу мақсатында дамып келеді.

image 9
image 9
image 9
image 9
image 9