image 9

2018 жылғы 28 ақпан - 1 наурыз аралығында Шекветили қаласында (Грузия) «Азаматтардың сайлауға қатысуын арттыру үшін технологиялар мен инновацияларды пайдалану» тақырыбында сайлау органдарының 8-ші жыл сайынғы конференциясы өтті.

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары К.В. Петров бастаған делегациясы сайлау органдарының жыл сайынғы 8-ші конференциясына қатысты.

Конференция Халықаралық парламенттік зерттеулер орталығының (ХПЗО) және Халықаралық сайлау жүйелері қорының (ХСЖҚ) қолдауымен ұйымдастырылды.

Екі күндік конференция барысында қатысушылар азаматтардың сайлауға қатысуын арттыру үшін сайлау процестеріне жаңа технологиялар мен инновацияларды пайдалануды талқылады, осы саладағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Осы конференцияның жұмысына 105 адам, оның ішінде 21 сайлау органының өкілі (Оңтүстік және Шығыс Азия, ТМД, Оңтүстік-Шығыс Еуропа, Солтүстік Еуропа, Оңтүстік және Солтүстік Америка, Таяу Шығыс, Шығыс және Солтүстік Африка), 10 халықаралық ұйым (ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, Еуропа Кеңесі, ХПЗО, ХСЖҚ және басқалар) және қызметі сайлау технологияларын әзірлеу мен енгізуге бағдарланған 4 маркетингтік компания (Vendor companies: Indra, Laxton Group, Smartmatic, Voatz) қатысты.