image 9

2018 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен бірлесе отырып, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері, сайлау комиссиялары төрағалары мен хатшыларының қатысуы мен «Сайлаушылардың тізімін қалыптастыру мен жаңартудың заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар - кеңес өткізді.

«Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» РМК директоры Е.Қосмұратов өз баяндамасында «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында сайлау жүйесінің қызметін ақпараттық-коммуникациялық жаңарту бойынша кәсіпорынның жоспарлы жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

Сайлау учаскелерінің шекаралары мен сайлаушылар саны жөніндегі ақпаратты көрсету мүмкіндігін ұсынатын интерактивті карта құру жөнінде жұмыс, сайлаушылардың тізімін қалыптастыру процесі, олардың толық әрі анықтығын, сондай-ақ цифрлық сайлау тізімдерін қалыптастырудағы жаңа тәсілдерінің негізгі мақсаты қалыптасатын ақпараттарды көзбен шолу жергілікті мемлекеттік органдардың, сайлау комиссияларының және бұл саладағы учаскелердің жұмысын жеңілдетеді.

image 9
image 9
image 9
image 9
image 9
image 9
image 9
image 9