image 9

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Әзірбайжан Республикасындағы Президенттік сайлау барысын қадағалау үшін Қазақстан Республикасы байқаушылармен жедел өзара әрекеттестік ету мақсатында, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен техникалық және ұйымдастыру жағынан өзара әрекеттестік негізінде Ахуалдық орталық құрып, 2018 жылғы 11 сәуірде сағат 09.00-дан сағат 24.00-не дейін тиісті жұмыс жүргізді.

Ахуалдық орталық құрамына ҚР ОСК-нан және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 18 қызметкері кірді, олар келесі жұмыстарды атқарды:

- Қазақстан Республикасынан жіберілген ТМД – дан байқаушылар миссиясы құрамында, байқаушылардан ақпарат қабылдау;

- ақпараттар мен дайджестерді мониторингтеп, ҚР ОСК басшылығына ақпаратты жедел жеткізу;

- байқаушылар жұмыстарын үйлестіру және кеңес беру.

image 9
image 9
image 9
image 9