2018 жылдың 8 ақпанында «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ақпараттық-техникалық сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасы Орталық Сайлау комиссиясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау шеңберінде электораттық-құқықтық ағарту бойынша ынтымақтастық мақсатында тиісті Меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, бұл салада ҚР ОСК қызметін ақпараттық-бағдарламалық сүйемелдеу мақсатында «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын тиісті бағдарлама әзірледі, қашықтықтан жергілікті мемлекеттік органдар және сайлау комиссиялары өкілдерінің құқықтық және электораттық біліммен қамтамасыз ету.