image 9

2018 жылғы 30 наурызда «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ақпараттық-техникалық сүйемелдеуімен елдің қоғамдық өміріне әйелдердің қатысуы мәселелеріне байланысты Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы мен Орталық сайлау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.

Отырысқа ҚР Парламентінің депутаттары, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Орталық сайлау комиссиясы мүшелері, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарлама офисінің, БҰҰДБ, «БҰҰ-әйелдер» сынды халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісіне енген саяси партиялардың жетекшілері, сондай-ақ, селекторлық режимде өңірлік әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен аумақтық сайлау комиссияларының өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылардың республиканың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-өндірістік дамуында әйелдер қоғамдастығы қызметіне жалпы шолу жасап шығуымен қатар, «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның талдау материалы негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Берік Имашев атап өткен гендерлік аспектілердің 2016-2018 жылғы сайлау процестеріне әйелдердің қатысуы, отырыстың оң бағасын алды.

image 9
image 9
image 9
image 9
image 9