image 9

2018 жылғы 16-17 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары К. Петров және ҚР ОСК хатшысы С. Мұстафинаның басшылығымен Ортсайлауком делегациясы Үндістанда (Нью-Дели қ.) танысу сапарымен болып қайтты. Сонымен қатар делегация құрамына «ҚР ОСК ИТО» РМК директоры Е. Қосмұратов және «ҚР ОСК ИТО» РМК ақпараттық-бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету бөлімнің бастығы Н. Бейсенбаев кірді.

Сапар барысында ҚР ОСК делегациясының Үндістан сайлау комиссиясы және Демократия мен сайлауды басқару жөніндегі Үнді халықаралық институты (ДСБҮХИ) басшылығымен кездесуі өтті.

Тараптар кең ауқымды сұрақтар бойынша: дауыс беруде электрондық машиналар қолдану, сайлаушыларды онлайн тіркеу, киберқауіпсіздік, электоралдық оқыту, тренерлерді және сайлау процессіне қатысушыларды даярлау бойынша кеңес өткізді. Қазақстан өкілдері осы саладағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Үнді тарапы ОСК делегациясын ДСБҮХИ қызметімен, сондай-ақ, Сайлау комиссиясының сайлаушыларға қызмет көрсету порталының және байқаушыларға арналған интернет-ресурсының жұмысымен таныстырды.

image 9
image 9