Фотогалерея


ҚР ОСК құрамы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі



Sydykov.jpg Серік  Сламжанұлы СЫДЫҚОВ


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі


1962 жылы 6 қазанда Алматы облысы Кеген ауданы Қарқара ауылында дүниеге келген.

1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.


Еңбек қызметі:

12.1985 - 04.1986 жж. - «Казгидрорыбпроект» институты кадр бөлімінің аға инспекторы;

10.1986 - 08.1991 жж. - Қазақ КСР Мемлекеттік еңбек комитеті Іс басқармасының аға экономисі, азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыс жөніндегі инспекторы, кадр секторының бірінші санаттағы маманы, бірінші санаттағы экономисі (заңгері);

08.1991 - 03.1994 жж. - ҚР Еңбек министрлігі Еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас заңгер-консультанты, Мемлекеттік жұмыспен қамту инспекциясының бастығы – Жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары, Еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас маманы;

03.1994 - 02.1995 жж. - «Тұран-Агро» фирмасы заң бөлімінің меңгерушісі;

02.1995 - 04.1996 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғарғы Кеңестегі өкілдігінің аға сарапшысы;

04.1996 - 30.04.2020 жж. - ҚР Парламенті Сенаты аппараты заң бөлімінің консультанты, құқықтық сараптама бөлімінің сектор меңгерушісі, құқықтық сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Аппарат басшысының орынбасары, бірінші орынбасары, Аппарат басшысы, Төрағаның кеңесшісі.


Мемлекеттік наградалар:

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ТМД ПАА Құрмет грамотасымен, «Үздік мемлекеттік қызметші» төс белгісімен, он мерейтойлық медальмен марапатталған.