Фотогалерея


ҚР ОСК құрамы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы

 

Анастасия Геннадьевна Щегорцова

 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы


1980 жылы 28 тамызда Павлодар қаласында дүниеге келген. 


2003 жылы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша, 2010 жылы «Әлеуметтану» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

 

Еңбек қызметі:

2003-2007 жж. – Астана қаласының Ішкі саясат департаменті (талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы, талдау және мониторинг бөлімінің жетекші маманы, департамент директорының орынбасары);

2007-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Талдау және мониторинг департаментінің директоры;

2010-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары;

2013-2014 жж. – «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС Бас директорының стратегиялық жоспарлау және талдау жұмысы жөніндегі орынбасары;

2014-2017 жж. – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы;

2017-2018 жж. – «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры;

2018 жылы – «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары;

2018-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының БАҚ және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі;

2019 жылғы 7 қарашада - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып сайланды;

2021 жылғы 29 қыркүйекте - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.


Отбасылық жағдайы:

тұрмыста, үш баласы бар.


Марапаттары:

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2019).