Фотогалерея


ҚР ОСК құрамы

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары


Константин Викторович Петров


Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары


1969 жылы 18 маусымда Ақтөбе қаласында дүниеге келді. 1991 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітірді.


Еңбек қызметі:

1991-2004 жж. - Ақтөбе қ. № 3 орта мектебінің химия және биология мұғалімі, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе қаласы әкімінің көмекшісі, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының әкімшілік-шаруашылық қызметі және абаттандыру цехы бастығының орынбасары;


08.2004-04.2008 жж. - Ақтөбе облысы әкімінің көмекшісі;


04.2008-01.2009 жж. - Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының бастығы;


01.2009-24.08.2015 жж. - Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы;


24.08.2015 – 09.2016 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;


Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;


29 тамызда 2017 ж. - Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары.


Отбасы жағдайы:

үйленген, екі баласы бар.


Наградалары:

«Құрмет» ордені (2011 ж.)